Қостанайлық құтқарушылар адасқан шопанды тапты

Қостанайлық құтқарушылар адасқан шопанды тапты

13 ақпан күні сағат 03:10-да Қабырға ауылдық округі, Жарұйық қыстағында жоғалып кеткен қойшы туралы хабар келіп түсті. Бұл күні сағат 10:00-де 24 жастағы жігіт табынға шығып, қайтып оралмағаны белгілі болды. Іздеуге шыққан құтқарушылар жоғалған шопанды сағат 14:00-де Жарық қыстауынан 30 шақырым қашықтықтан тапты. Жігіт қатты боранның салдарынан жолдан адасып, дұрыс бағыт таба алмаған. Жағдайы жақсы және медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылар оны Амангелді ауылына жеткізді.

Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан екі адам және бір бірлік техника жұмылдырылды. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге көмек қажет болса, «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

 

Қостанай облысының ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі