Құтқарушылар қыстақтан баланы ауруханаға жеткізді

Құтқарушылар қыстақтан баланы ауруханаға жеткізді

Құтқарушылар 4 жасар баланың ата-анасына оны ауруханаға жеткізуге көмектесті.

2022 жылғы 9 ақпан күні таңертең Амангелді ауданының құтқарушыларына Байғабыл ауылдық округінің әкімі көмек сұрап жүгінді. Баланы ауруханаға жедел тасымалдау қажет еді. Отбасы тұратын Смайыл қыстағына баратын жолды жарты метр қар басқан екен, жол жоқ.

Сағат 15.25-те өтімділігі жоғары «Нива БРОНТО» техникада 17 шақырым жолды еңсеріп, Төтенше жағдайлар бөлімінің 3 құтқарушысы сағат 15.25-те қыстаққа жетті.

Осы уақытта ата-ана баланы алып трактормен жолға шықты. Жол бойында құтқарушылармен кездесіп, бала мен оның анасын  «Нива БРОНТО» техникасына мінгізіп жолды жалғастырды.

Сағат 16.09-да құтқарушылар баланы анасымен бірге аудандық ауруханаға аман-есен жеткізді. Сағат 16.12-де ол жіті ішек инфекциясы диагнозымен инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қостанай облысының ТЖД азаматтарды қолайсыз метеожағдайлар кезінде жолдарда сақ болуға шақырады.

 

Қостанай облысының ТЖД

қоғаммен байланыс тобы