Ақмола облысының аумағында су басуы мүмкін аймақтарда 125 елді мекен орналасқан

Ақмола облысының аумағында су басуы мүмкін аймақтарда 125 елді мекен орналасқан

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың қатысуымен «Қысқы кезеңде автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» және «2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында ең қиын жағдай қаңтардың бірінші онкүндігінде қалыптасқаны белгілі болды. Тек ТЖД және ЖАО күштерімен Республикалық маңызы бар автожолдардың жабық учаскелеріндегі бекеттерден жылыту пункттеріне 261 адам орналастырылды, оның ішінде 27 бала. Облыстың автожолдарында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін үш трассалық медициналық-құтқару пункті (Аршалы, Бұланды және Жақсы аудандарында) жұмыс істейді, олар шұғыл жағдайларда жылыту пункттері ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Ақмола облысының аумағында тасқын және еріген су басуы мүмкін аймақтарда 13 мыңнан астам адам тұратын 17 аудандағы 125 елді мекен бар екенін, сондай-ақ жалпы ұзындығы 33,9 км (авто) және 1,03 км (т/ж) болатын 74 автомобиль (6 Республикалық, 28 облыстық және 40 жергілікті жолдарда) және 4 темір жол учаскесі бар.Биыл облыста су тасқынына дайындық өткен жылдың жаз мезгілінде басталған болатын. Елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі жоспарға сәйкес 53 елді мекенде су бұру арналарын жайластыру, кеңейту және тереңдету, өзен арналарын тазарту, су бұру арналарын тазарту, қолда бар топырақ үйіп бекітілген жерлерді нығайту және ұлғайту, бөгеттерді жөндеу, топырақ үйіп бекітілген жерлерді тұрғызу, су өткізу құрылыстарын жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Ақмола облысының елді мекендерінде су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша айлық жариялау жоспарлануда, халықпен жеке аулаларды су басуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Департамент Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша «Казводхоз» филиалдарымен су қоймаларынан (Астана, Сілеті, Шағалылы, Самарқанд, Шерубай-Нұра және Ынтымақ) судың жоғары төгілуі туралы алдын ала хабарлау мақсатында жедел ақпарат алмасуды ұйымдастырды. Су тасқынына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда», – деп атап өтті Қанат Доспаев.  

                                                                 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі