Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

2022 жылғы 8 ақпан күні таңғы сағат 05.21-де Алматы облысы ТЖД 7 ақпан күні сағат 13.00-де «SsangYong» автокөлігімен екі ер адам (1999, 2002 ж.т.) Талдықорған қаласынан Ащыбұлақ саяжай қоғамына (таулы жер) жол тарттқаны және осы уақытқа дейін оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына Алматы облысы ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамы 30 адам және 10 бірлік техника және 1 бірлік қар бетімен жүру көлігі жіберілді.

Іздеу жұмыстары 3 топпен жүргізілді.

Сағат 10:56-да жоғалған адамдар Ескелді ауданының Қоңыр ауылынан (Талдықорған қаласынан 30-40 шақырым) табылды.

Белгілі болғандай, жастардың автокөлігі қар құрсауында қалып қойған (таулы жерде, мобильді желі жоқ аймақта), таңғы уақытта оларда дизель отыны таусылған. Жанармай құйылғаннан кейін автокөлік қар құрсауынан шығарылып, Талдықорған қаласына сүйемелденіп жеткізілді.

Табылған азаматтарға медициналық көмек қажет емес еді.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және алыс жолға автокөлікпен шыққан кезде өзіңізбен бірге төтенше жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды алып жүруді сұрайды.

Әрбір автомобильде шұғыл жағдайда өмірді құтқаратын заттар – дәнекерлеу шамдары, арқандар, доңғалақтарға арналған тізбектер, күректер, парафинді шамдар, сондай-ақ жылы киім, қажетті заттар, Тамақ пен су қоры болуы керек.

Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, жолда басқа көліктің жүруін күтіп немесе "101" және "112"телефондары бойынша ұялы телефон арқылы көмек шақырған дұрыс.

Қыста жолға шыққанда мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейлі ойлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды!

                                                   

                                                          Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі