Жамбыл облысының құтқарушылары қолайсыз ауа-райы кезінде жолаушыларды құтқарды

Жамбыл облысының құтқарушылары қолайсыз ауа-райы кезінде жолаушыларды құтқарды

2022 жылғы 4-6 ақпан аралығында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдарды жедел басқару орталығының 101 және 112 телефон нөмірлеріне төмендегідей шақыртулар келіп түсті:

Атап айтқанда 6 ақпанда сағат 20.37-де Сарысу ауданы, Түркістан-Жаңатас тас жолы бойында, Аралтөбе карьері маңында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты (ақтүтек боран) жолаушылардыңжолда қалып қойғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Сарысу ауданы  №16 өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағынан барлығы 6 өрт сөндіруші-құтқарушы шығып, оқиға орнынан 6 адамды құтқарған.

Сондай-ақ дәл осы күні сағат 22.06-да Жуалы ауданы, Алматы-Ташкент тас жолының 590 шақырымында, Дүйсебай ауылы жанында адамдардың жолда қалып қойғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіруші-құтқарушы шынжыр табанды автокөлікпен шығып, 19 адамды (оның ішінде 4-уі балалар) құтқарған. Өз кезегінде жолаушылар құтқарушылардың көрсеткен жедел көмектері үшін алғыстарын білдірді.

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыз  ауа-райы кезінде алысқа жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін ескертеді.

Өрт немесе төтенше жағдай орын алғанда 101 және 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін естен шығармауды сұрайды.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы