Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіпкерлермен іскерлік диалог өтті

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіпкерлермен іскерлік диалог өтті

Алматы қаласы ТЖ департаментінде сараптама ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шарада өрт қауіпсіздігі аудиттері туралы мәселелер талқыланды.

Бір жыл бұрын Алматы қаласының ТЖД мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында бизнес пен мемлекеттік бақылау органының өзара қарым-қатынасын жетілдіру үшін меморандумға қол қойылды.

Өз кезегінде Самат Асайынов сараптама ұйымдарының назарын білім беру ұйымдарындағы аудит жүргізу мәселеріне аударды. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаржылай қаражат тұрақты түрде бөлінеді. Сондықтан бұл нысандарда аудит жүргізген қажетті емес. Департаменттің жүргізген талдауы бойынша, соңғы 5 жылда тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 96 нысанда ғана аудит жүргізілген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматыда тексеруден босатылған бұл нысандарда өрт оқиғалары жиі орын алады. Ол сараптамалық ұйымдарды тәуекелі  төмен санатындағы объектілердің, яғни қоғамдық тамақтану, дәмханалар, тұрмыстық дүкендер және т.б. иелеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша білікті көмек көрсетуге шақырды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сараптамалық ұйымдар өкілдерінің сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Қатысушылардың пікірінше дөңгелек үстел форматындағы кездесу нәтижелі өткізілді, мұндай кездесулерді тұрақты түрде жиі өткізуге ниет білдірді.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі