
2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарында өрт сөндірушіні қайта даярлау курстары басталды. Екі аптаға созылатын курстарға еліміздің барлық өңірлерінен 37 қызметкер келді.
Оқудың бірінші күні түсу сәтінде кәсіби қызметі бойынша білім деңгейін анықтау үшін тыңдаушылармен бақылау өткізіледі. Оқыту барысында тыңдаушылар өрт сөндіру тактикасын, өрт сөндіру қызметтері мен АҚЖ қызметін ұйымдастыруды үйренеді, сондай-ақ таза ауада тыныс алу аппараттарында жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтардан өтеді.
Курс қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі