2022 жылғы 3 ақпанда 101 пультіне Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылында «Шоман» жеке шаруа қожалығының мал тұратын базасы отқа өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.
Аудандық өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт толықтай сөндірілді. Өрт аумағы 600 шаршы метрді құрады. Қожалық иесінің айтуы бойынша 100-ге жуық ірі қара мал және бірнеше техника (траткор, мотоцикл) жанып кеткен. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефон номерлеріне хабарласыңыз.
Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі