
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтары ашылды.
Алматы оқу орталығының бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі А.Қ.Байділдаев, Нұр-Сұлтан қаласы оқу орталығының бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі А.М.Құсайынов тағайындалды.
Орталықтар өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарында орналасқан. Онда бір мезгілде 30 қызметкерді оқыту мүмкіндігі бар. Нұр-Сұлтан қаласы оқу орталығында Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тыңдаушылары, ал Алматыдағы оқу орталығында Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының тыңдаушылары оқитын болады.
«Өртке қарсы дайындық» санаты бойынша алғашқы курстар 7 ақпанда басталады.
Академияның оқу орталықтары Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен және Шымкент қалаларында да бар.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі