
17 қаңтарда Бейнеу ауылында сағат кешкі 20:05-те «101» пультына осы ауылдың тұрғынынан пәтердің есігін ашып беру қажеттілігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Мухтар Әуезов, өрт сөндіруші -құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Мурат Жалғасов және жүргізуші қызметкер азаматтық қорғау аға сержанты Нурсеит Чуренов барды.
Оқиға орнында зардап шегушінің ағасы мен полиция қызметкері болған. Екінші қабатқа үш сатылы баспалдақты орнатып, полиция қызметкері және құтқарушылар терезе арқылы пәтерге кірген. Жалдамалы үйде тұратын қыз қолының білегін кеңсе пышағымен кескен екен. Қыздың жанында 3 жасар қызы отырды.
Өрт сөндіруші құтқарушылары Мұхтар және Мұрат оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем бригадасы келмеген соң, қызды полиция машинасымен емханаға жеткізу туралы шешім қабалдады. Бірнеше минут ішінде зардап шегуші емхананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Зардап шеккен адамның қызы әжесіне тапсырылды. Қазіргі таңда зардап шеккен қыз емханадан шықты, жағдайы қанағаттанарлық.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі