Өрт сөндірушілер кезекті рет алғысқа бөленді

Өрт сөндірушілер кезекті рет алғысқа бөленді

2022 жылдың 29 қаңтарында, сағат 17.49-да Тараз қаласы, Ақмолда батыр көшесіндегі жеке тұрғын үй аумағында гараждың өртке оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына гарнизонның шығу кестесіне сәйкес Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шұғыл түрде өртті сөндіруге кірісті. Тараз қаласының №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндіруші-құтқарушылары мен өрт сөндіру кезекші қызметінің қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 18.08-де оқшауланып, сағат 18.18-де жойылды.  Аталған өрт оқиғасынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Жалынмен арпалысып, дер кезінде ауыздықтаған от жауынгерлеріне үй тұрғындары жедел әрекеттері мен өрттің одан әрі тұрғын үйлерге таралуына жол бермегендері үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына қарттар мен балаларды үйде қараусыз қалдырудың соңы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ үйден шыққанда газ және электр құралдарын қуат көздерінен ажыратуды естен шығармай, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, ұялы телефонға келіп түсетін ауа-райы туралы хабарламаларға үнемі назар аударып, қолайсыз ауа-райы кезінде сапарға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін еске салады. Ал өрт немесе түрлі сипаттағы  төтенше жағдайлар туындағанда "101" немесе "112"телефон нөмірлеріне жедел қоңырау шалу қажет екендігін ескертеді.

 

Жамбыл облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы