Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында боранда адасқан ер адам құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында боранда адасқан ер адам құтқарылды

31 қаңтарда сағат 22.37-де СҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне боранда адасып кеткен ер адамнан телефон қоңырауы түсті. Ол Ақсуат ауылынан Тимирязев ауданының Есіл ауылына дейінгі тас жолмен жаяу жүргенін, бірақ басталған боран салдарынан жолдан адасып кеткенін және өз бетімен үйге жете алмайтынын хабарлады.   

Төтенше жағдай туралы ақпарат дереу аудандық ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бектұрған Омаровқа келіп түсті.

Аудан орталығы – Тимирязево ауылының  № 18 өрт сөндіру бөлімінде тұрақты орналасқан машинаны «жауынгерлік маршқа» дайындау үшін «Нива Бронто» қар батпағының экипажына санаулы минуттар қажет болды. Көп ұзамай іздеу тобы 2 ауылды байланыстыратын тас жолға шықты. 

«Іздеу жұмыстары түнгі уақытта боран болғандықтан  нашар көрінумен қиындады. Ер адамның жолдан алыстамай жүруі көмектесті,  себебі боран әлі оның іздерін жабып тастауға үлгермеген. Өзі де бізге жақсы көмектесті - ұялы телефонмен үнемі байланыста болды, бізге шамамен бағдарларды көрсетті. Содан кейін ол қар жамылғысы арқылы фаралардың жарығын көргенін айтты. Оның қуанышында шек болмады. Ол бұл оның өмірдегі алғашқы құтқару қызметіне хабарласып, көрсетілген көмекке ризашылығын білдірды.  1 ақпан күні оның екінші туған күні болып саналатынын да жеткізді»,- деді аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абай Сетаков.

Ер адам Есіл ауылының тұрғыны болатын. Ол 1 ақпан күні сағат 1.25-те Ақсуат ауылынан 8 шақырым жерден табылып, «Бронто» жылы кабинасында күтіп отырған туыстарына жеткізілді. 

Қысқы кезеңнің басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында 54 дауылды ескерту жарияланды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 4 адам құтқарылды.

Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Синоптиктердің болжамдарын мұқият қадағалап, ТЖ қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы және «Дәрмен» мобильдік қосымшасындағы арнайы хабарламаларын («дауылды ескертулер») ескеру қажет.

ТЖ қаупі немесе туындауы кезінде 112 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы