Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері кір тасын көтеру спортынан Қарағанды облысы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері кір тасын көтеру спортынан Қарағанды облысы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды

2022 жылдың 30 қаңтарында Қарағандыда кір тасын көтеру спортынан кәсіпқойлар арасында Қарағанды облысының іріктеу чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері — №14 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Пацук Дмитрий, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Ромащенко Виталий және № 11 өрт сөндіру бөлімінің инженері Комаров Александр қатысты.

Дмитрий Пацук пен Виталий Ромащенко өз салмақ санаттарында (95кг және +95кг) құрметті үшінші орындарды иеленді, ал Александр Комаров аталған жарыстардың абсолютті чемпионы атанды.

Ақпан айында Александр Комаров Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі