Құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

Құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

31 қаңтарда сағат 15:30-да Жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Арқалық қаласының маңындағы Мирный ауылында жүкті әйелді ауруханаға жедел жеткізу қажет екендігі туралы хабарлама түсті. Сағат 16:05-те шақырту орнына құтқару бөлімшесінің қызметкерлері өтімділігі жоғары СКБ-600 техникасымен шықты.  

Жүкті әйелдің айтуынша қатты боран мен жоғары қар құрсауының салдарынан құтқарушылардың көмегінсіз ауруханаға жету қиын болар еді.

Сағат 17:25-те құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге шақырту орнына келіп, оны Арқалық қаласының қалалық ауруханасына қажетті білікті көмек көрсету үшін жеткізді.

Құтқарушылар облыстың шалғайда тұратын тұрғындарына ауа-райының құбылуына назар аударуға кеңес береді. Қар түрінде қатты жауын-шашынның көп болуы сіздің жолыңызды қиындатуы мүмкін. Өз үйіңіздің маңайынан алысқа шықпауыңызды және ұзақ сапарларды жоспарламауды сұраймыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, "101" немесе "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

баспасөз қызметі