Ақтөбелік құтқарушылар мысықты құтқарды

Ақтөбелік құтқарушылар мысықты құтқарды

26 қаңтарда Ақтөбе қаласының №6 гараж кооперавтивінің бірінде өрт болды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар көліктерді ғана емес, сол жерде мекендеген мысықты да құтқарды.

Түтін басқан үй-жайдан өрт сөндірушілер мысықты қимылсыз жатқан күйінде сыртқа алып шықты. Көмекке ТЖ инспекторлары келді. Олар реанимациялық әрекеттер, яғни жүрекке тікелей емес массаж және мысыққа тыныс алу аппаратынан оттегі берді.

Бірнеше минуттан кейін үй жануары өздігінен дем ала бастады.

 

Ақтөбе ТЖД баспасөз қызметі