
Бүгін 31 қаңтарда Махамбет ауданының Сарайшық және Бейбарыс елді мекендерінің маңында 1957 жылы туған, 28 қаңтарда белгісіз бағытта үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған ер адамды іздеу жалғасуда.
Іздестіру жұмыстары 3-ші күні жалғасып, кинологиялық есепті қатыстыра отырып, жақын маңдағы аумақты аралау арқылы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Жайық өзеніне сүңгуірлік түсу жүргізілді.
Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкері, 1 кинологиялық есеп және 2 бірлік техника, ЖАО 1 қызметкер және 1 бірлік техника, АПБ 2 қызметкер және 2 бірлік техника, еріктілер 20 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы