Құтқарушылар балаларды қар құрсауынан эвакуациялады

Құтқарушылар балаларды қар құрсауынан эвакуациялады

31 қаңтарда сағат 04:32-де Арқалық-Қайыңды тас жолында ВАЗ маркалы автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 07:23-те құтқарушылар оқиға орнында болды. Жолаушылар Арқалық қаласына дейін бармақшы болған. Алайда жүргізуші боранға байланысты көрінудің нашарлығынан көлікті басқара алмай, жол шетіне шығып кеткен. Көлік ішінде 6 адам болды,  оның екеуі бала. Машинаны тазартылған жолға сүйреп шығарған құтқарушылар барлық жолаушылардың жағдайын тексеріп шыққаннан кейін олардың медициналық көмекке мұқтаж еместіктеріне көз жеткізген. Ал құтқарылғандар осы оқиғаға тап болған үлкендер мен балаларға жедел түрде көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді. Келеңсіз ауа райы, бұрқасын мен боран, оппа қар артқа қайтар жолда біраз қиындықтар тудырды, алайда құтқарушылар еш қиындыққа қарамастан жолаушыларды Арқалық қ. дейін шығарып салды.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарды дауылды ескерту орын алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуді тағы да ескертеді. Ал ТЖ болған жағдайда "101" немесе "112" нөмірі бойынша қоңырау шалуға шақырады – көмек керек болған күнде құтқарушылар әрдайым дайын.

 

ҚР ТЖМ Қостанай облысының

«ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ

баспасөз қызметі