Трассалық пункттер жүргізушілер мен жолаушыларды үсіп кетуден құтқарады

Трассалық пункттер жүргізушілер мен жолаушыларды үсіп кетуден құтқарады

2022 жылғы 28 қаңтарда сағат 13.05-те жол полициясы қызметкерлері Ақтөбе облысының «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару пунктіне Қырғыз Республикасының 4 азаматын жеткізді. Олардың Челябинск қаласына бара жатқан көлігі бұзылды. Жолды патрульдеген полицейлер тас жолда тоңып жатқан адамдарды алып, жақын маңдағы ТМҚП-ға алып келді.

Жол бойындағы пункт бригадасының қызметкерлері адамдар үшін ауа-райының үйреншікті емес жағдайларын сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Оларды жылы бөлмеге ауыстырды, жылытып, тамақтандырды. Жылыту пунктін азық-түлікпен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай гуманитарлық ұйымы қамтамасыз етеді.

Барлық құтқарылған адамдарды дәрігерлер қарап шықты, ауруханаға жатқызуды қажет ететін адамдар болған жоқ.

Ақыры тоқтап қалған көлік қызып, ер адамдар сапарын жалғастыра алды.

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ