ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды

ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жұмыс сапарымен  Ақтөбе облысында болды

27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды.

Сапар аясында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қабылдауында болып, өңір аумағындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, арнайы техника паркін толықтыру сұрақтары талқылады.

Қысқы кезеңдегі авариялық-құтқару жұмыстарына техникалардың жауынгерлік дайындығының жай-күйін тексерді. Сонымен қатар Ибрагим Күлшімбаев Ақтөбе қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі Құтқарушылар мұражайымен танысты. Айта кету керек бұл мұражайда өртке қарсы және суда құтқару қызметтерінің Ақтөбе қаласында құрылу уақытынан бергі тарихы сақталған. Сондай-ақ бірінші вице-министр Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Марғұлан Аманбаевқа департаменттің туын салтанатты түрде табыстады. Бұл шараға департаменттің жеке құрамы және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшылары қатысты.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі