
2022 жылғы 28 қаңтар күні жергілікті уақыт 11 сағат 49 минутта Созақ ауданы Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде орналасқан 2 қабатты орталық аудандық ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Өрт оқиғасы орнына №11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде аурухананың №11 палатасында төсек-орын жабдықтары жанып жатты.
Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 57 адамды эвакуациялады.
Өрт сағат 12-02-де ауыздықталып, 12-10-да сөндірілді..
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің көлемі 12шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы шықты.
Түркістан облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі