Құтқарушылар мұздағы тәртіп ережелері туралы хабарлайды

Құтқарушылар мұздағы тәртіп ережелері туралы хабарлайды

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері қыс мезгілінде су айдындарында жүру ережелері бойынша тұрғындармен, сондай-ақ коньки, "ватрушкалар" жалға беру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қыс мезгілінің басынан бастап, мұзда 247 рейд өткізіліп, 1407 қауіпсіздік ережелері бар жадынамалар таратылды.

Құтқарушылар азаматтарға мұзда "ватрушкаға" сырғанау қауіпті екенін ескертеді.

Атырау облысының ТЖД азаматтарды ескертеді: конькимен, "ватрушкалармен" тек арнайы жабдықталған алаңдар мен аумақтарда жүзеге асырылуы тиіс.

Құрметті ата-аналар! Балаларды су қоймаларына қараусыз жібермеуге кеңес береміз. Құрметті азаматтар! Су айдынына жақын жерде балаларды көрген жағдайда дереу құтқару қызметіне 112 номеріне хабарлаңыз.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы