Қостанай облысында өткен түнде «Қазақавтожол» РМК филиалының құтқарушылары мен қызметкерлері жол шетіне шығып кеткен ауыр жүк таситын Камазды шығарды.
Төтенше жағдай Әулиекөл-Жолдама облыстық маңызы бар автожолының 28 шақырымында орын алды. Қарсы келе жатқан көліктің фаралары жүк көлігінің жүргізушісінің көзіне түсіп, ол қозғалысты баяулата бастағанда, жол шетіне шығып кетті. Түн ортасына қарай келіп түскен дабылға, оқиға орнына Әулиекөл ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері және құрамында 4 адам және 3 бірлік техника бар жол қызметінің мамандары келді. Ауыр жүк көлігі қарға терең еніп кетті. Өздігінен шығу әрекеттері еш нәтиже бермеді. Құтқарушылар мен жол қызметкерлері жүк көлігін қар құрсауынан босатты. Жүргізуші мен жолаушы жолдың қауіпсіз бөлігіне шығарылып, белгіленген маршрут бойынша қозғалысты жалғастырды. Құтқару жұмыстары сағат 01:50-де аяқталды. Зардап шеккендер жоқ.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды метеорологиялық мәліметтерді бақылауға, ауа райының нашарлауы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметіне еліміздің барлық өңірлерінде қол жетімді «112» телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы