2022 жылғы 25-26 қаңтарда Төтенше жағдайлар вице-министрі М.М. Күлдіковтің төрағалығымен «Су тасқыны жағдайын бағалау үшін ғарыштық мониторинг мүмкіндіктерін пайдалану және Су ресурстары комитетінің бассейн инспекцияларымен, «Қазгидромет» РМК бөлімшелерімен су тасқыны алдындағы кезеңде су қоймаларын толтыруды (тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларындағы судың жеткілікті көлемін анықтау) басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқау сабағы өткізілді.
Сабақ барысында аумақтық ТЖД қызметкерлері «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық болжамдарды ұсыну нысандарымен және ықтимал су тасқыны жағдайын болжау және бағалау саласындағы зерттеулердің нәтижелерімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның су тасқынының ғарыштық мониторингі саласындағы заманауи әзірлемелерімен танысты. Тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларындағы қауіпсіз көлемдерді анықтау бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларының жұмыс тәжірибесі жеткізілді. Сонымен қатар сабақ барысында су тасқыны қаупі бар елді мекендердің қорғалу деңгейін бағалаудың өзекті тәсілдері, гидротехникалық құрылыстар жағдайының су тасқынына қарсы шұғыл іс-шараларды жоспарлауға әсері талқыланды.
Аймақтардан ТЖД қызметкерлері «Қазгидромет» РМК су тасқыны алдындағы және су тасқыны кезеңіндегі гидрологиялық болжамдар мен деректерді ұсыну бойынша жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.
Аталмыш әдістемелік нұсқау сабағы «Қазгидромет» РМК бөлімшелерінің ұсынылған болжамды гидрологиялық деректерін, ғарыштық мониторинг деректерін түсінуді, Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекцияларының су қоймаларын су тасқыны алдындағы кезеңде толтыруды басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруды күшейтуге мүмкіндік береді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті