Қалалық мәслихат депутаттары Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағын аралады

Қалалық мәслихат депутаттары Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағын аралады

Қалалық мәслихат депутаттары Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағына жұмыс сапарымен барды. 

Олар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілер өртеген өрт сөндіру автотехникасын, сондай-ақ бүлінген өрт-техникалық құрал-жабдықтарын қарап шықты. Депутаттардың пікірінше, материалдық-техникалық құралдардың орнын толтыру үшін ТЖД бюджетін қайта қарау қажет. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде террористер 18 өрт сөндіру көлігін зақымдаған, оның 5-уі жөндеуге жатпайды.

Халық қалаулыларының айтуынша, қаланың және оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері абсолютті басымдық болып табылады, ал ТЖД жауынгерлік дайындығы жүз пайыз қамтамасыз етілуі тиіс.

Өз кезегінде Алматы қ. ТЖД бастығы  Руслан Қасыбаев жаппай тәртіпсіздік кезінде болған оқиғаларға қарамастан, қызметкерлер өз қызметтерін жалғастырып, басқалардың өмірі мен мүлкін сақтап қалған. Төтенше жағдай кезінде 125 адам эвакуацияланды, 28 адам өмірі құтқарылды, жеке құрам қызметкерлері дін аман, адам шығынына жол берілмегенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар құтқарушыларды авариялық құтқару құралдарымен толық жабдықтауға жан-жақты қолдау көрсетуді шешті.

 

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі