Қостанай облысында тұрмыстық өрттерді алдын алу жұмыстары жалғасуда

Қостанай облысында тұрмыстық өрттерді алдын алу жұмыстары жалғасуда

Қостанай облысы аумағындағы тұрғын үй секторындағы қысқы өрттердің негізгі себептерінің арасында пеш, газ және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, отты абайсыз пайдалану болып табылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 1004 өрт, тұрмыстық секторда - 590, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу нәтижесінде - 67, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу - 222, отты абайсыз пайдалану - 417 өрт тіркелді. Жалғыз басты зейнеткерлердің, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріндегі қатты отын пештерінің жағдайы құтқарушыларды ерекше алаңдатады. Тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың теріс салдарын азайту үшін ТЖД қызметкерлері атқарушы органдармен, полициямен және қоғамдық және жастар ұйымдарымен бірге жыл сайын «Қауіпсіз тұрғын үй» қайырымдылық науқанын өткізеді. Оның мақсаты - үй пештерін пайдалану кезінде халықты қысқы ТЖ қосымша қорғауды құру. Мысалы өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы отбасылар тұратын үйлерде 1143 улы газ датчигі орнатылды. Оларды әкімдіктер мен жеке ұйымдар қаражаты есебінен сатып алды. Биылғы жылы тағы 80 табиғи газ сигнализаторын ауыл тұрғындары мен жалғыз басты мүгедектер үйлеріне қосымша орнату жоспарлануда.

Жылыту маусымы басталғаннан бері кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар 56 451 үйді аралап шықты, 119 936 адамға өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйретті, 160 мыңнан астам көрнекі үгіт материалдарын, жадынамалар мен буклеттерді таратты. Өрттермен жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда және құтқарушылардың күнделікті бақылауында болады. Рейдтер барысында тұрғын үй секторында тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Үй иелерінің рұқсатымен ТЖД қызметкерлері электр сымдарының жай-күйін тексереді, электр жабдықтары мен пешпен жылытудың дұрыс пайдаланылуын еске салады. Бұл ретте «қатер тобындағы» азаматтарға - тұрмысы нашар және тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінеді.

Қостанай облысының ТЖД еске салады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау бағасы тек өртенген мүлік қана емес, адам өмірі де болуы мүмкін. Тұтану, өрт немесе түтін иісі шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз. Өзіңізді және үйіңізді оттан қорғаңыз.

 

Қостанай облысының ТЖД

Мемлекеттік өрт
бақылау басқармасы