Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды

Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды

2022 жылдың 23 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі  4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен  медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те  шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқының көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен  кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты

ТЖМ ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

 

ҚР ТЖМ  баспасөз қызметі