Алматы қаласының маңындағы жер сілкінісі туралы ақпарат

Алматы қаласының маңындағы жер сілкінісі туралы ақпарат

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы ММ сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 16.01-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9.9 шақырым жерде ҚР аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.0. MPV магнитудасы - 3.1. Оның бағыты солтүстік ендік бойынша - 43.11 градус, шығыс бойлық бойынша - 76.90 градус. Тереңдігі - 10 шақырым. МСК-64 шкаласы бойынша Алмарасан шатқалында  2 балл сезілген.

Тиісті мемлекеттік  хабардар етілді.Патруль жүргізілген бағытта  қираған ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты.

«112» және «101» желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ.

ҚР ТЖМ  жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);

- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;

- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.

- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;

- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;

- жеделсатыны пайдаланбаңыз;

- сіріңке, шам жағуға болмайды;

- сымдарға қол тигізбеңіз;

- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.