18 қаңтар күні таңертең Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің бірінде өрт шыққаны туралы 101 телефонына дабыл қоңырауы түсті.
Өрт орнына 6 минуттан кейін келген Петропавлдық өрт сөндірушілері тұрғындарға құтқару капюшондарын кигізіп, түтін басқан кіреберістен баспалдақ маршы бойынша 6 адамды, оның ішінде бір 4 жасар баланы құтқарды. Сондай-ақ кіреберіс тұрғындары арасынан 20 адам эвакуацияланды. Құтқарылғандардың ішінде өрттен зардап шеккен пәтердің иесі – шок алған 86 жастағы әйел де болды.
«Өрт бүршікте сөндірілді», оның таралуына жол берілмеді, тек жеке заттар зардап шегіп, пәтердің қабырғалары мен төбелері ысталған. Егер олар бірнеше минутқа кешіксе, ол толықтай өртеніп, жоғарғы пәтерлерге қауіп төнер еді», - деп түсіндірді облыстық орталықтың № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Ренат Қайырденов.
Өрттің көзі пәтердің зал бөлмесінде абайсызда қалған шам болған. Әйел ас үйге кеткен кезде, шам құлап, өрт шыққан. Пәтерге кірген алғашқы өрт сөндіруші-құтқарушылар Бахтияр Сибанбаев пен Әділ Құсайынов оны тездетіп қауіпті аймақтан көшеге шығарған. Үй иесіне ТЖ орнына жедел келген «жедел жәрдем» бригадасының қызметкерлері медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оған өрт сөндіру қызметінің психологы Евгения Трефилова психологиялық көмек көрсетті.
«Тез арада әрекет етілді: көршілерге қоңырау шалынып, адамдар шығарылды, өрт сөндірілді. Баланың басына капюшон кигізіп алып шығар кезде, ол не болғанын түсіне алмай үрейлі түрде маған жабыса түсті.... 4-ші қабаттан жүгіре келе, қолымнан келгенше, баланы тыныштандырдым. Мені де үйде үш балам күтіп отыр: олардың бірі – құтқарылған баланың құрдасы Асылым...», - деп бөлім командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Құсайынов өз естеліктерімен бөлісті.
Жыл басынан бері мемлекеттік өртке қарсы қызмет күшімен 14 өрт сөндірілді, оның алтауы Петропавл қаласында болғанын, айта кету керек.
ТЖД тұрғындарды электр құралдарын, ашық отты, пеш жағуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға, балалардың отпен ойнауына жол бермеуге шақырады.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары
қызметінің баспасөз қызметі