Қостанай облысының тұрғындары ТЖД қызметкерлеріне түрлі төтенше жағдайларда көрсетілген уақытылы көмек үшін, сондай-ақ кәсіби, сауатты және білікті іс-әрекеттері үшін алғыс білдіреді.
«Құрметті Біржан Телманұлы! Сіздердің қызметкерлеріңіз мені және менің достарымды тас жолда оқыс оқиғадан аман алып қалғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. 2022 жылдың 17 қаңтарында біз достарымызбен Меңдіқара ауданының Миролюбовка ауылынан Надеждин ауылына жетпей, жолда электр сымдарының істен шығуы салдарынан ВАЗ маркалы автокөлігіміз сынып қалған болатын. Осыған байланысты көлік тоқтап қалды, біз бірден 112-ге қоңырау шалдық, кейін өрт сөндірушілер бізге жедел келіп, шығуға көмектесті. Бізді аязда тас жолда қалдырмағандарыңызға және Қостанай қаласында орналасқан үйге дейін жеткізгендеріңізге үлкен рахмет. Құрметпен К. Гильманов», - делінген ТЖД бастығы Біржан Кәрімовке жолдаған хатта.
Тағы бір алғыс сөздер Меңдіқара ауданының өртке қарсы гарнизон қызметкерлеріне келіп түсті. Қар көшкінінен құтқарылғандардың бірі Николай Логинов өрт сөндірушілерге кәсібилігі мен жеделдігі үшін ризашылығын білдіріп, бейнежолдау жазды. Ол досымен бірге Төленғұт кентіне жұмысқа бара жатып, қатты боранның салдарынан Боровское-Ұзынағаш тас жолында қар құрсауында қалып қоя жаздады. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың білікті іс-әрекеттері болмаса, хат иесі түнді қаңыраған бос тас жолда өткізуге тура келер еді.
Ұзақ қашықтықты жүріп өтіп, құтқарушылар Volksvagen Vento-ның қар құрсауына жол салып, құтқарылғандардың екеуіне шай мен ыстық тамақ жеткізді. Құтқарушылар қабылдаған шаралармен жеңіл автокөлік жол шетінен шығарылып, Боровское ауылына дейін жеткізілді.
Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі