Өткен тәулікте құтқарушылар 23 адам, оның ішінде 4 бала эвакуациялады.
2022 жылғы 16 қаңтар күні сағат 22:48-де Амангелді ауданында «Арқалық-Торғай» тас жолында қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне ішінде 8 адам бар «Toyota Alfard» маркалы автокөлігі жол шетіне шығарылды.
Сағат 23:32-де Қарасу ауданында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында Айдарлы ауылының маңында қар құрсауынан 12 адам, оның ішінде 4 бала болған үш көлік құтқарылды.
Сол күні сағат 02:24-те Науырзым ауданындағы «Әулиекөл – Жалдама» тас жолында автокөлік жол шетіне шығарылып, жақын маңдағы Әулиекөл ауылына дейін жеткізілді.
17 қаңтар күні сағат 02:40-та Қамысты ауданында «Қостанай –Қарабұтақ» А-22 тас жолында «Газель» маркалы жүк автокөлігінен адам құтқарылып, Қарабатыр ауылына дейін жеткізілді.
Жоғарыда аталған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқаруға 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамдарын қараңыз, ауа райының нашарлауы туралы «112» смс-жолдамаларды оқыңыз. Оқыс оқиғаларға тап болмау үшін, өз қауіпсіздігіңізді қадағалаңыз.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі