
Шымкенттің құтқарушылары саусағынан сақинаны шеше алмаған әйел адамға көмектесті. 2022 жылғы 16 қаңтарда Нұрсат мөлтек ауданының көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарының бірі құтқару қызметіне хабарласты. Хабарласқан әйел оң қолының саусағына сақинаны салып, саусағы ісіп кеткендіктен шеше алмаған.
Мамандар айтылған мекенжайға келіп, сақинаны арнайы қысқышпен кесіп, саусақты босатты.
Әйел құтқарушыларға дер кезінде көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.
Құрметті қала тұрғындары! Әшекейлерді таңдау кезінде мұқият болыңыздар! Мүмкіндігінше өлшеміне сәйкес сақинаны таңдаңыздар. Ісіп кеткен саусақтан сақинаны шешуді ойламас үшін нұсқаулықтарды ұстаныңыздар
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы