Ақтөбе облысында қар құрсауынан 33 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында қар құрсауынан 33 адам құтқарылды

Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысының аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту болды (төменгі боран, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с дейін).

Осыған байланысты автожолдың бірнеше учаскесінде барлық автокөлік құралдарының қозғалысы шектелді.

ТЖД және жол қызметі күштерімен қар құрсауынан 33 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды, 12 адам эвакуацияланды (1бала), 8 бірлік техника құтқарылды.

Толығырақ тоқталып өтсек, Ырғыз ауданында 18 сағат 55 минутта Құрылыс кентінен жеңіл көлік шығып, Самара-Шымкент трассасына жетпей, қар құрсауында қалды. Нәтижесінде «ҚазАвтоЖол»  1 бірлік техника құтқарылып, 5 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Одан әрі сағат 23 сағат 00 минутта Хромтау ауданы Никельтау ауылы ауданында 5 автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 5 бірлік техника шығарылып, 29 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала.

Сондай-ақ, Қарғалы ауданында жедел медициналық көмек техникасының босанатын әйелге өтуіне көмек көрсетілді. Нәтижесінде азаматша ұл баланы дүниеге алып келді.

Сенбі күні 3 адам (1 бала) құтқарылды: Мәртөк ауданында малшы мал іздеуге шығып, адасып кетті. Хромтау ауданында Хромтау-Бадамша тас жолында көлік қар құрсауында қалды. 2 адам, оның ішінде 1бала құтқарылды.

Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі мен жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

Қысқы сапарға шықпас бұрын:

1. Ауа-райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.

3. Машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау:

- отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш;

- шай термосы және азық-түлік қоры;

- жылы киімнің қосалқы жиынтығы.

Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.

 

                                          Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі