Жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр халдегі ер адамды Жетісайдан Шымкентке тікұшақпен тасымалдады

Жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр халдегі ер адамды  Жетісайдан Шымкентке тікұшақпен тасымалдады

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» өндірістік-диспетчерлік қызметіне жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр халдегі ер адамды Түркістан облысы Жетісай қаласына тасымалдау қажеттігі туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан жедел өтінім келіп түсті. Бұл туралы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин мәлімдеді.

Мойын омыртқасы сынған ер адамды автокөлікпен тасымалдау өте қауіпті. Сондай-ақ Жетісай қаласының ауруханасынан Шымкент қаласына дейін 240 шақырым қашықтық ұзақ және пациенттің денсаулығы үшін қауіпті болады. Сондықтан ҰШМҮО дәрігерлері әуе кемесін жұмылдыруға шешім қабылдады.

Шымкент қаласындағы «Қазавиақұтқару» әуе кемесі орналасқан жерден Еврокоптер ЕС-145 тікұшағы дереу ұшып шықты. Бортта әуе кемесінің командирі Реджаметов Искандар, екінші ұшқыш Жандар Аблай, сондай-ақ ҰШМҮО дәрігерлері, медициналық авиация меңгерушісі, реаниматолог Қарабеков Жайлаухан, нейрохирург Тағайбекұлы Қайратбек және фельдшер Бекболатова Жадыра болды.

Құтқарушылар мен дәрігерлер ер адамды жедел тасымалдады. Ұшқыштар жазатайым оқиғаны болдырмау үшін әуе кемесінің қонуын барынша жұмсақ жүзеге асыруға тырысты. Жедел жәрдем көлігімен межелі пунктке ұшып келген науқас Шымкент қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің бақылауында.

Ұшу белгіленген маршрутқа сәйкес және сәтті өтті.

 

 

                   «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі