
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
15 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, бұрқасын күтіледі. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метрге жетеді.
15 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге, облыстың солтүстік-батысында шығысында кейде секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
15 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге, кей уақытта секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге, облыстың солтүстік бөлігінде секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
15 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге, облыстың солтүстік-батысында секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
15 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге, облыстың оңтүстігінде секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
Күндіз 15 қантарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
15 қаңтарда таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман сақталады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15- 20 метрге, 15 қаңтарда таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысындағы таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің екпіні секундына 23-28 метрге, тау асуларында секундына 30 метрге жетуі және одан асуы да ықтимал.
Азаматтарға ауа-райының өзгерістерін бақылауға кеңес береміз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Қыста жолға шығар алдында мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі