
11 қаңтарда жедел кезекшінің пультіне құтқарушылардың көмегі шұғыл қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. 2008 жылы туылған қыз баланың саусағындағы сақина алынбай, саусақтың ісінуі әкеліп соққан.
Кезекші ауысым дереу оқиға орнына шықты. Слесарлық құралдың көмегімен сақина зардап шегушінің саусағынан алынды.
Қарағанды облысы ТЖД азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі