Өрт сөндіруші өрттен газ баллонды шығарды

Өрт сөндіруші өрттен газ баллонды шығарды

3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы 27 литрлік газ баллонын эвакуациялады.

Өрт 2022 жылғы 12 қаңтарда Павлодар қаласының «Энтузиаст» бағбанында орын алды. Оқиға туралы хабарлама «101» пультіне сағат 21.35-де келіп түсті.

Бір қабатты кірпіштен соғылған үйдің ағаш конструкциялары 80 шаршы метр алаңында жанды. Барлау барысында Павлодар қаласын күзету бойынша № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Якупов Фархат 27 литрлік газ баллонын ас үйде қауіпсіз жерге шығарды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 22.49-да толығымен сөндірілді. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 16 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Павлодар облысы ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береді.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі