
2022 жылғы 12 қаңтарда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында төтенше жағдайлардың алдын алу саласына ғарыштық мониторинг жүйесін және ГАЖ-технологиялар құралдарын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында ТЖМ геоақпараттық сервис платформасында сандық қауіпсіздік паспортын құру мүмкіндіктері талқыланды.
Нәтижелері бойынша платформаны пайдаланудың бірлескен қағидаларын әзірлеу, мобильді қосымшаны құруды пысықтау және ТЖМ геоақпараттық сервис құралдарын кеңейту туралы шешімдерге қол жеткізілді.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті