
Ауа райының қолайсыздығынан автожолдардың жабылуына байланысты Ақмола облысының бірнеше ауданында тас жолынан 210 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бір апта ішінде Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 20 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Мысалы, Атбасар ауданында – 58 адам, Жарқайың ауданында – 47 адам, оның ішінде 8 бала, Жақсы ауданында – 73 адам, оның ішінде 12 бала, Есіл ауданында – 20 адам, оның ішінде 5 бала және Сандықтау ауданында 12 адам құтқарылды. Барлық эвакуацияланғандар арасында зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, қар құрсауында қалып қойған автомобильдерден 8 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. Құтқарылғандар тұрғылықты жеріне жеткізілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі