Құтқарушылар орманда адасып кеткен ер адамға көмектесті

Құтқарушылар орманда адасып кеткен ер адамға көмектесті

9 қаңтарда сағат 21.02-де құтқарушыларға 1960 жылы туған ер адамның «Боровлянка» демалыс базасы жаққа жылқысын іздеуге шығып, жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Жоғалған ер адамның екі туысы Озерки ауылынан атқа мініп алып оны іздеуге шыққан. Көмекке келген Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің құтқарушы бөлімшесімен кездесіп Новопокровка ауылынан 5 шақырым жетпейтін жерде ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оны елді мекенге жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті түнгі уақытта, әсіресе дауылдық ескерту кезінде елді мекеннен шықпауға кеңес береді. Жолдардың ашық немесе жабық екені туралы ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыздар.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыздар.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі