СҚО құтқарушылары қар құрсауынан 5 автокөлікті босатты

СҚО құтқарушылары қар құрсауынан 5 автокөлікті босатты

2022 жылғы 8 қаңтар  күні кешке Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимское  селосының №16 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Шүкіркөл мен Новоселовка  ауылдары арасында  5 бірлік жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Бір минуттан соң шақыру орнына ТРЭКОЛ көлігімен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы шықты. Сағат 19.05-те автокөлік Шүкіркөл ауылының маңынан табылды. Автокөлікте 15 жолаушы, оның ішінде қарттар, әйелдер және 2 бала болған. Көліктердің  бірі істен шыққан екен. 7 адам, оның ішінде 2 бала ТРЭКОЛ автокөлігімен эвакуацияланды. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмекке келген «Жасыл Есіл 2» ЖШС жүк тиегіші автокөліктерге өзгінен шығуға мүмкіндік беріп, жолды тазартты. Сынған көлік жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

«Жолда адамдар боранға тап болған. Қатты тоңып қалған, біз қажетті көмек көрсеттік. Алғыстарын айтып жатыр. Көмекке келуге әрқашан дайынбыз. Бұл біздің міндетіміз»,- деп ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Санат Мұқашев жүргізілген құтқару операциясына қысқаша түсініктеме берді.     

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы