Ақмола облысында өрт сөндіруші жанып жатқан үйден газ баллонды шығарды

Ақмола облысында өрт сөндіруші жанып жатқан үйден газ баллонды шығарды

Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері қайғылы оқиғаның алдын алды.

Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында жеке тұрғын үйдің ас үй-жайында шыққан өрт 20 шаршы метр алаңды құрады.

Шақыру орнына Қабанбай батыр ауылындағы өрт сөндіру бекетінің кезекші қарауылы жіберілді.

Өрт сағат 12-16-да ауыздықталып, 12-31-де толығымен сөндірілді.  Өрттің алдын ала себебі - өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Өрт сөндіру барысында көк түтінге оранған үйден құтқарушылар бір минут ішінде жанып жатқан газ баллонын тауып алған.

Шақыртуға азаматтық қорғау аға лейтенанты Бимаканов Қуат Сағатұлы, бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Әділет Еркінұлы, азаматтық қорғау өрт сержанты Жандарбек Бахтияр, азаматтық қорғау аға сержанты Сәрсенбин Асқар және азаматтық қорғау аға сержанты Тайкенов Сұлтанбек шықты.

Негізгі ереже бойынша газ ыдыстарын өздігінен орнатуға тыйым салынады. Жөндеуді, ауыстыруды білікті маман жүргізуі тиіс.

Ақмола облысының ТЖД үй-жайдағы тұрмыстық газдың жарылуы ғимараттың немесе оның бір бөлігінің құлауына, өрттің туындауына, адамдардың жарақаттануы мен өліміне әкелуі мүмкін екенін еске салады! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі