
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
8 қаңтарда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге күшейеді.
8 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23-28 метрге күшейеді.
8 қаңтарда Атырау облысында тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні секндына 15-20 метрге күшейеді.
8 қаңтарда Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
8 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
8 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстік-батысында көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, шығысында тұман болады.
8 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде боран, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
8 қаңтарда Қызылорда облысында тұман, Павлодар облысында - тұман, көктайғақ, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге жетеді.
8 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (басым қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, батысында желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетеді.
8-9 қаңтарда Түркістан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.
Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал.
Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз.
Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізеді.
Қыста жолға шығар алдында:
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.
Шұғыл қызметтер авттомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:
- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
- ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;
- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;
- алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
- алағы автомобильдерді басып озуға болмайды;
- айналаңдағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі