Жоғалған қойшы табылды

Жоғалған қойшы табылды

4 қаңтар күні сағат 18-23-те 112 кезекші пультіне Индер ауданының Елтай  ауылдық округінде қыстақтан жаяу қой бағып шығып, содан оралмаған 1973 жылғы  қойшы туралы хабарлама түсті.   

Іздестіру жұмыстары 3 сағат жүргізілді. Қойшы сағат 21.49-да Елтай ауылдық округінен 28 шақырым жерден табылды. Жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД №5 өрт сөндіру бөлімінің  қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен туыстары және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы