
2022 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ өндірістік-диспетчерлік қызметіне Ұлттық Шұғыл Медицинаны үйлестіру орталығынан (бұдан әрі – ҰШМҮО) жаңа туған нәрестені тасымалдау қажеттілігі туралы жедел сұраныс келіп түсті.
Ми-8 тікұшағы Өскемен қаласындағы «Қазавиапас» АҚ ұшағы тұрған жерден бірден ұшып кетті. Бортта әуе кемесінің командирі Ағламбеков Руслан тұлғасында тәжірибелі ұшқыштар, екінші ұшқыш Кенжеғалиев Мәжит, авиация қызметкерлері Қазақпаев Әуелбек, Жұмабаев Пердебек, Бекжанов Сәкен, сондай-ақ ҰШМҮО дәрігерлері, облыстың бас неонатологы Қуанышпаев Асхат және фельдшер Ассаубаев Бек.
Құтқарушылар баланы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан жедел жәрдем күтіп тұрған Өскемен қаласына жедел жеткізген. Қазіргі уақытта Ана мен Бала орталығында дәрігерлердің бақылауында.
Ұшуды ауа температурасының төмендігі қиындатқан. «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары мен ҰШМҮО дәрігерлерінің келісілген іс-әрекетінің арқасында құтқару операциясы белгіленген маршрут бойынша және апатсыз өтті.
Қазавиақұтқару АҚ баспасөз қызметі