
Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» басшысының орынбасары М.Сағитжан, «Қазсушар» РМК Қызылорда филалының бөлім басшысы А. Асанбаев Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерінің жағдайы мен су деңгейінің жүруіне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторингтік жұмыс Әйтек су торабынан Қазалы ауданы «Басықара» су торабы аралығына дейінгі аралықты қамтыды.
Қызылорда облысы ТЖД