ТЖМ-де азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ТЖМ-де азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2021 жылдың 29 желтоқсанда Диханбек Жанқоразұлы Сатылғановтың төрағалығымен азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың ашылуы Қоғамдық кеңес мүшелеріне Министр Юрий Ильин белсенді қызметі үшін алғыс хаттар тапсырумен өтті.

Күн тәртібінде ТЖМ-нің 2022 жылға арналған норма шығармашылық жұмысының жоспары, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттар беру, азаматтық қорғау органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын жақсарту және халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы мәселелер қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің ережесі мен Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.