Азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындығын арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резерв комитетінен Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар үшін техника мен мүлік броньнан шығарылды. Барлығы 8 бірлік ( автогредерлер, самосвал, крандар, бульдозерлер, тартқышы бар трейлер) және зардап шеккен халыққа арналған мүліктің 7 түрі ( матрацтар, металл төсектер, көрпелер, жастықтар, ақжаймалар, жатын қаптар, 12 адамға арналған шатырлар).
2021 жылдың 28 желтоқсанында Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының басшылығымен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі плац аумағында алынған техника мен мүлік тексерілді.
5 бірлік техника Екібастұз қаласының, Ақтоғай және Баянауыл аудандарының әкімдіктеріне таратылды.
Қазіргі уақытта техника белгіленген тәртіппен құжатпен ресімделеді және пайдаланудың қысқы режиміне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлық алынған техника неғұрлым бейім учаскелерде су басудың пайда болуының алдын алу бойынша жұмыстарға белсенді қатысатын болады.
Павлодар облысы ТЖД