ТМҚП қызметкерлері ЖКО кезінде зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті

ТМҚП қызметкерлері ЖКО кезінде зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті

ЖКО 2021 жылдың 27 желтоқсанында Алматы – Бішкек тас жолының 103 шақырымында орын алды. 6 жолаушысы бар жеңіл автомобиль рульді басқара алмай, автожолдың қарсы жолағына шығып, жолаушылар автобусымен соқтығысуға жол берді. Автобус салонында 40 жолаушы болған. Апаттан үш адам қайтыс болды.

Жол оқиғасы туралы ақпарат Алматы облысындағы "Тарғап" трассалық медициналық құтқару пунктінің диспетчеріне 21 сағат 39 мин. келіп түсті.

ЖКО орнына келгеннен кейін ТМҚП дәрігерлері мен құтқарушылары зардап шеккендерді бұзылған көліктен шығарып және шұғыл медициналық көмек көрсете отырып, дереу жұмысқа кірісті.

ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы ең ауыр 3 зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетті және ауруханаға жатқызды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары қалған зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Дәрігерлер мен құтқарушылар жүргізушілерді жолдарда сергек болуға, жол ережелерін сақтауға шақырады.

 

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ

Алматы қаласы бойынша филиалы