Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында ТЖМ экспозициясы ашылды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында ТЖМ экспозициясы ашылды

28 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы базасында құтқарушылардың ерлік іс-әрекеттерінің беттерін мәңгі есте қалдыру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі экспозициясының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю.В. Ильин,   ҚР ТЖМ орталық аппараты комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қызмет ардагерлері мен шақырылғандар қатысты.

Мұражай бастығы Нұртаза Тұрабекұлы қатысушыларға жаңа экспонаттармен - тарихи құжаттармен, нысанды киімдермен, ведомство ардагерлерінің отбасылары берген наградалармен, құтқарушылардың өрт-техникалық жабдықтарымен жаңартылған үй-жайда биылғы алғашқы экскурсияны өткізді.

Экспозицияда азаматтық қорғау органдарының даңқты және батырлық күндері, парызға берік және адал адамдар, жекелеген бөлімшелердің қалыптасуы мен дамуы, олардың әртүрлі кезеңдердегі техникалық жабдықталуы туралы баяндалады.

Министр генерал-майор Ю. Ильиннің айтуынша, бұл оқиға азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлеріне патриоттық және адамгершілік тәрбие беруге, әртүрлі тарихи кезеңдерде қалыптасқан дәстүрлерді қолдауға қызмет етеді.

 

 

Кадр саясаты департаменті