
24 желтоқсанда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Жыл көшбасшысы-2021" жастар сыйлығының "Үздік өрт сөндіруші құтқарушы" номинациясы бойынша № 11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Алтмысбаев Қанат Әділұлы жеңімпаз атанды.
Бұл іс-шара өз саласында жетістікке жетіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген жас көшбасшыларды ынталандыру үшін 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.
Қанат азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушысы лауазымында жұмыс істейді. Ол Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ұйымдастырған барлық мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялайды, от пен жану ошағын жояды, алғашқы көмек көрсетеді. Мәселен 2020 жылғы маусымда Жаңаөзен қаласының "ЗИБА" ойын-сауық орталығында болған өрт кезінде өртті сөндіру кезінде құзыреттілік және батылдық танытты.
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметінің қоғаммен байланыс тобы